Оралда ЖКО-да кәмілетке толмаған жасөспірім қайтыс болды
Түрлі дене жарақатымен жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, деп хабарлайды БҚО ДП баспасөз қызметі.

26.06.22 ж. қараған түні 00.40 минутта Шолохов-Свердлов көшелерінің қиылысында «Тойота» маркалы шағын автобус тоқтап тұрған «Скутермен» (жүргізушіден басқа кәмелетке толмаған жолаушы болған) және «ВАЗ-2110» а/м-мен соқтығысуға жол берді, онда жүргізуші мен үш жолаушы болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 5 адам жеткізілді.
2005 жылы туған кәмелетке толмаған “Скутер” жолаушысы жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Түрлі дене жарақатын алған “Скутер” жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлер қарағаннан кейін жолаушылар үйлеріне жіберілді.
Медициналық куәландырудың нәтижелері бойынша микроавтобус жүргізушісі мас емес.
Жол – көлік оқиғасының алдын ала себебі-микроавтобус жүргізушісі қозғалыс кезінде ұялы телефонға алаңдап кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу аясында барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.