Қазақстан Қытай азаматтары үшін екі апталық визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесті, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі. Олар мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласындағы ынтымақтастықты, атап айтқанда, екі елдің азаматтары үшін визасыз режимді дамыту мәселелерін талқылады.

«Нұрышев сұхбаттасын Қазақстанның туристік мүмкіндіктерімен және ҚР Үкіметінің туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларымен таныстырды. Сондай — ақ, Елші қазақстандық тараптың ҚХР азаматтары үшін 14 күн мерзімге визасыз режим енгізу жоспарын ескере отырып, ҚР азаматтары үшін осындай жағдай жасау мәселесін қозғады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Нұрышев тұрақты әуе қатынасын тез арада қалпына келтіруді және адами байланыстарды жандандыруды ескере отырып, екіжақты мәдени-гуманитарлық диалогты күшейту қажеттігіне назар аударды.

Ху Хэпин Қазақстан мен Қытай арасында мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастық үшін үлкен перспективалар бар екенін атап өтті. Ол 2022 жылдың соңына жоспарланған қазақстан-қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 15-ші отырысы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді. Сонымен қатар, ол қытай тарапының мәдени орталықтарды өзара құруға дайындығын білдірді.

Дереккөзі: vlast.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-15
Утром-12.59 ℃
Днем-13.17 ℃
Вечером-14.85 ℃
Ночью-17.01 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра7.92 м/с
2026-01-16
Утром-15.45 ℃
Днем-12.67 ℃
Вечером-13.14 ℃
Ночью-14.44 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.75 м/с