Қаңтар оқиғасы: Прокуратура қаза тапқандардың санын айтты

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмеген. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ОА» мұрағатынан

«Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Біз қылмыстық қудалау органымыз ғой, жеке жұмыс істейміз. (…) Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Мен қазір нақты санын айта алмаймын. (…) Азаптаудан қайтыс болғандардың жеке тізімі бар, дәл қазір нақты саны есімде жоқ», — деді Шындалиев.

«Азаптаудан 6 адам, барлығы 238 адам қайтыс болды деген ақпарат бар. Рас па?», — деп сұрады журналист.

«Иә. Қаңтар оқиғасы кезінде 232, азаптаудан 6 адам қаза болды«, — деп мойындады Бас прокурордың орынбасары.

Осылайша, қаңтардағы тәртіпсіздіктерден қаза тапқандардың ресми саны өсті. Сондай-ақ, Шындалиев құқық қорғау органдарында 15 адам күдікті деп танылғанын айтты.

«9 адам қамауға алынды. Сегіз адам — ​​ҰҚК қызметкері, біреуі полицей. Олардың арасында Ұлттық ұлан қызметкерлері жоқ, тек ҰҚК мен полиция қызметкерлері бар», — деді ол.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.41 ℃
Вечером0.32 ℃
Ночью1.21 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.08 м/с
2026-02-16
Утром0.69 ℃
Днем0.62 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.42 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.82 м/с