БҚО суға шомылу маусымы басталғаннан бері бес адам суға кетті
Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері-бұл ересектер мен балалардың алыс қашықтыққа жүзу және мас күйінде шомылу кезінде өз күштерін дұрыс бағаламауы. 2021 жылы осы кезеңде су айдындарында адамдардың қаза болуының 12 фактісі тіркелді.
Жаз айларында шомылу маусымы басталысымен ересектер мен балалар су айдындарында жүзу үшін табиғатқа ұмтылады. БҚО аумағында 200-ге жуық өзендер мен бұлақтар және 144 көлдер орналасқан, олар шаруашылық мақсаттарда да, демалыс пен туризм үшін де пайдаланылады. Алайда әдеттегі шомылу қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.
Биыл суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыстың су айдындарында 5 адам суға батып кетті. Өткен жылы осы кезеңде 12 адам, оның ішінде 4 бала судың құрбаны болды. 2021 жылғы суға шомылу маусымында барлығы 24 адам, оның ішінде 8 бала қаза тапты.
– Судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – бұл өз күштерін дұрыс бағаламау – 14 жағдай (оның ішінде 8 бала тереңдікке жүзіп, қаза тапты), мас күйінде 8 адам суға батып кетті, суға батқан адамды құтқару кезінде — тағы 2 адам, – деп хабарлады БҚО ТЖД.
Суға шомылу кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД БҚО ПД-мен бірлесіп күн сайын рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу жүргізеді. Рейдтік іс-шараларға күніне орта есеппен 69 адам жұмылдырылды.
– Облыс аумағында 19 жағажай жабдықталған және жұмыс істейді. Осы жағажайлардағы қауіпсіздікті ТЖД ЖҚБ-да оқудан өткен 46 дайындалған жасақ-құтқарушылар қамтамасыз етеді. Суға шомылу кезеңінде төтенше жағдайларға ден қою үшін 72 құтқарушы, 21 жүзу құралы, патрульдеу үшін 1 катер және 15 автомобиль дайындалды, — деп хабарлады ТЖМ.
Айта кету керек, БҚО ТЖД құтқарушыларының күшімен шомылу маусымы басталғаннан бері 8 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды.
БҚО ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында шомылу кезіндегі негізгі қауіпсіздік ережелерін жеткізеді.
Су айдындарында рұқсат етілмейді:
1) «Шомылуға тыйым салынады» белгілері орнатылған жерлерде шомылуға;
2) жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге тыйым салынады;
3) шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге тыйым салынады;
4) қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастардан, қойтастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
5) жалған дабыл айқайларын беруге;
6) су айдындарында өз бетімен қауіпсіздік белгілерін жоюға( алып тастауға), бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;
7) алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылуға;
8) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге жол берілмейді;
9) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
10) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, буйкаларға көтерілуге;
11) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге жол берілмейді.
Серік ЕСЕНОВ