Киіктерді атумен экология министрлігі айналысады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Орал популяциясының 10 проценті реттелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«ОА» мұрағатынан

«Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктер мәселесін реттеу қажет екенін айтып отыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір Орал популяциясының саны 800 мыңнан асады, соның он проценті реттеледі. Яғни 80 мың бас киік», – деді Брекешев мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрден «800 мың киіктің 80 мыңы атыла ма?» деп сұрады. «Иә», деп жауап берді ол.

Айтуынша, бұл шара киік санын реттеуге және оларды көбейтуге бағытталған.

«Киіктер санын реттеу қажет болып отыр. Өйткені Батыс Қазақстанда қазір киіктер жайылымға ғана емес, егіс алқаптарына да кіріп жатыр», – деді ведомство басшысы.

Брекешев ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынатынын мәлімдеді. Реттеу жұмысы күзде, қазан айында басталады.

Қазір Қазақстанда 1,3 миллиондай киік бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-10
Утром12.44 ℃
Днем13.99 ℃
Вечером11.99 ℃
Ночью10.16 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.2 м/с
2024-10-11
Утром5.79 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером6.75 ℃
Ночью3.82 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.17 м/с