Орал қоқыс астында қалуы мүмкін – халық кәсіпорынға 190 млн теңге қарыз

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгермесе, Орал қоқыс астында қалу қаупі бар. Қаржыға байланысты қоқыс шығаратын «Орал Таза Сервис» мекемесі жұмысын тоқтатуы мүмкін. Кәсіпорын жұмысшылардың жалақысын көтеріп, қажетті техниканы сатып алуы керек.

«ОА» мұрағатынан

«Орал Таза Сервис» ЖШС директоры Рафхат Данағұловтың айтуынша, кәсіпорын жұмысшылары ақпанның соңында наразылық білдіріп, жалақыларын 150 мың теңгеге дейін көтеруді талап еткенімен, әлі күнге дейін 110 мың теңгеге жуық еңбекақы алып отыр.

«Олар өз талаптарын азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің қымбаттап жатқанымен түсіндірді. Олардың көбі көпбалалылар қатарында, жалдамалы баспанада тұрады, ал пәтер ақысы арзандап жатқан жоқ. Бағаның үздіксіз өсуіне байланысты отбасына қаражат жетпей отыр. Біз оларды жұмысқа шығуға әрең көндірдік және өз кезегінде жаңа тарифтің бекітілуіне сеніп, жалақыны өсіруге уәде бердік», – дейді кәсіпорын басшысы.

Оның айтуынша, былтыр қараша айында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бензин мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты қоқыс шығару тарифін көтеру туралы жергілікті атқарушы органдарға өтініш берген. Бірақ қаңтар оқиғасы мен Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге мораторий жариялануына байланысты бұл мәселе шешілмеді.

«Біз үлкен қиындыққа тап болдық – не жалақыны көтере алмаймыз, не жұмысты тоқтата алмаймыз. Бірақ жақында жұмысшылар өздерінің әділ талаптары орындалмауына байланысты жұмысқа шығудан бас тартуы мүмкін. Сондай-ақ біздің кәсіпорынның жүргізушілері мен темір ұсталары да жұмыс істеуден бас тарта ма деп қорқамыз», – деп жалғастырды директор.

Компанияда атап өтілгендей, бүгінде халықтың қоқыс шығару қызметі үшін кәсіпорын алдындағы қарызы 190 миллион теңгеге жуықтаса, екі жыл бұрын бұл көрсеткіш 250 миллион теңгені құраған. Борышкерлерге қатысты мәселелер тек ескрету арқылы, одан кейін сот орындаушылар арқылы қарызды төлемеген азаматтардың жеке шоттарына тыйым салу арқылы ғана шешіліп отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром14.21 ℃
Днем20.57 ℃
Вечером22.19 ℃
Ночью18.68 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра5.56 м/с
2024-09-16
Утром14.46 ℃
Днем24.85 ℃
Вечером22.77 ℃
Ночью19.12 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра8.29 м/с