Қарақалпақстан мемлекеттік органдарын басып алу әрекеті болды – Жоқарғы кеңес Нүкістегі оқиға туралы

Қарақалпақстанның Жоқарғы кеңесі Нүкістегі оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Өзбекстан Республикасы жүргізіп отырған ашықтық және еркін ерік білдіру саясатына қарамастан, 2022 жылдың 1 шілдесінде Нүкіс қаласында қылмыстық топ Қарақалпақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарын басып алуға әрекет жасау түріндегі заңсыз әрекеттер ұйымдастырды.

Популистік ұрандарды жамыла отырып, азаматтардың санасы мен сеніміне айла-шарғы жасап, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, азаматтарды республиканың әкімшілік ғимараттары кешенінің алдындағы алаңға жинады.

Арандатушылар жиналған адамдарға сүйене отырып, осы мемлекеттік мекемелерді басып алуға және осылайша қоғамға іріткі салуға, Өзбекстандағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет жасады», – делінген хабарламада.

Парламент өкілдері заңсыз әрекеттердің жолы кесіліп, жаппай тәртіпсіздік әрекеттері ауыздықталғанын атап өтті.

«Мемлекетіміз жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу үшін қажетті әлеуетке ие екенін жауапкершілікпен мәлімдейміз. Тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар тобы мен құқық қорғау органдарына белсенді қарсылық көрсеткен адамдар ұсталды. Қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Барлық арандатушы анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады», – деп мәлімдеді Жоқарғы кеңес.

Еске салайық, елдің қолданыстағы конституциясында Қарақалпақстан халқы жалпы референдум негізінде Өзбекстаннан шығу құқығына ие егемен республика ретінде көрсетілген. Жақында ел конституциясына түзетулер жобасына сәйкес бұл ережелерді алып тастау ұсынылатыны белгілі болды.

Өзбекстан ІІМ мәліметінше, заңсыз демонстрациялар 1 шілдеде сағат 15.00-де басталды. Қарақалпақстан тұрғындары қала бойынша шеру ұйымдастырды, содан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, заңсыз демонстрация ұйымдастырды

Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

«Өзбек әріптестерімізден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Дәуіт ата» – «Тәжен» (автомобильдік) өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүкті өткізу уақытша тоқтатылды. Осы ақпарат бойынша «Қаракалпақия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасын уақытша тоқтату жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Шекара қызметі аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша хабарланады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

14 + 2 =

x
2023-06-04
Утром19.19 ℃
Днем28.88 ℃
Вечером23.25 ℃
Ночью23.11 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра9.25 м/с
2023-06-05
Утром14.51 ℃
Днем24.61 ℃
Вечером25.71 ℃
Ночью20.1 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.31 м/с