БҚО екі адамнан коронавирус инфекциясы табылды
Өткен тәулікте 187 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.

Өңірлер арасында:
Нұр-Сұлтан қаласында — 46,
Алматы қаласында — 92,
Шымкент қаласында – 16,
Ақмола облысында – 2,
Алматы облысында — 8,
Атырау облысында — 6,
Шығыс Қазақстан облысында — 1,
Жамбыл облысында — 5,
Батыс Қазақстан облысында — 2,
Қарағанды облысында — 6,
Қостанай облысында — 1,
Маңғыстау облысында — 1,
Түркістан облысында — 1.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде 1 306 984 қазақстандық індетке шалдықты.
2 шілдедегі мәлімет бойынша, 928 адам коронавирус инфекциясынан (–880+ және 48 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 147 пациент стационарда, 781 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Вирус жұқтырғандар арасында 8 адамның жағдайы ауыр.
1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 525 645 адам, 2-ші компонентін 9 310 076 адам салдырды.
