Қарақалпақстандағы митингілер: Мирзиеев Конституцияға түзетулер енгізуден бас тартты
Мирзиеев Қарақалпақстанның мәртебесіне қатысты Конституцияға түзетулер енгізуден бас тартты.

«Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Нүкіс қаласына келді. Қазір Мемлекет басшысы Жоқарғы Кеңес депутаттарымен, аға буын өкілдерімен және Қарақалпақстан активімен кездесу өткізіп жатыр. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау үдерісі әлі де жалғасып жатқанын, сондай – ақ Қарақалпақстан тұрғындары айтқан пікірлерді зерделеу негізінде президент Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75-баптарының қолданыстағы редакцияларын өзгеріссіз сақтау қажеттігін атап өтті», – деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов сенбіде.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Жарлығымен Қарақалпақстан аумағында 2022 жылғы 3 шілдеден 2022 жылғы 2 тамызға дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілді.
Дереккөзі: t.me/holanewskz