Қазақстанда онлайн құрбандық шалатындар үшін арнайы сайт іске қосылды

Қазақстанда онлайн құрбандық шалуға мүмкіндік беретін qurban2022.kz сайты іске қосылды.

«ОА» мұрағатынан

Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді.

«Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2022.kz сайтын іске қосты», — деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Онлайн құрбан шалғысы келетіндер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті ақшаны аудара алады. Қой мен ешкіні бір адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады.

Бұдан кейін төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.

Құрбандық еті мұқтаж жандарға таратылады. Сол себепті мұқтаж жандар осы сайтта етті алуға өтініш беруге тиіс.

Құрбан айт елімізде үш күн тойланады. Биыл мейрамның бірінші күні сенбі, 9 шілдеге түсіп тұр.

Елімізде Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Бірақ бұл ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды. Сол себепті қазақстандықтарға осы жылы қосымша демалыс берілмейді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-13
Утром16.68 ℃
Днем25.5 ℃
Вечером23.2 ℃
Ночью17.92 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра5.17 м/с
2026-06-14
Утром17.42 ℃
Днем23.88 ℃
Вечером19.91 ℃
Ночью19.55 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра4.79 м/с