Оралда 11 шілдеден бастап ЖТҚ үшін жер беріле бастайды
Жер осы жылдың 11 шілдесінен 2 қыркүйегіне дейін беріледі.

Орал әкімдігінде хабарлағандай, 11 шілде мен 2 қыркүйек аралығында сағат 9:00-ден 13: 00-ге дейін Жұмыспен қамту орталығында (Құрманғазы, 173а) арнайы кезекте тіркелген 900 адамға жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру үшін өтініштер қабылданады.
Кезек тізімі әкімдіктің ресми сайтында орналастырылған.