Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі жұмысшы көз жұмды
Тағы үш адам жарақат алды.

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жарылыс болды.
Салдарынан екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.
Жарылыс құбырды сынақтан өткізу кезінде болған. Болжам бойынша, құбыр қысымға төтеп бере алмаған, деп түсіндірді полиция.
Қазақстанның құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.