Егер жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталуға жақын қалса, оны үздік Kaspi.kz қосымшасында небәрі бір сағатта ауыстыруға болады.

Жаңа сервисті Kaspi.kz ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және ақпараттық-өндірістік орталығымен бірлесіп әзірледі.

Куәлікті ауыстыру процесі өте оңай. Тура қосымшада суретті және медициналық анықтаманы жүктеп, мемлекеттік бажды комиссиясыз төлеп, жаңа жүргізуші куәлігін цифрлық құжаттардан алу керек. Сондай-ақ жаңа жүргізуші куәлігін алып кетуге ыңғайлы ХҚКО-ны таңдауға болады.

Kaspi.kz-тің негізін қалаушылардың бірі әрі басшысы Михаил Ломтадзе:

«Біздің командамыз сүйікті клиенттеріміздің уақыты мен ақшасын үнемдейтін жаңа инновациялық сервистерді үнемі іске қосады. Өткен жылы автомобильді онлайн қайта тіркеуді іске қосқанбыз, ал қазір еліміздегі әр үшінші автомобиль Kaspi.kz арқылы онлайн тіркеледі. Жақында автомобильді онлайн кепілге қою немесе кепілден шығару сервисін қосқанбыз. Міне, тура үздік Kaspi.kz қосымшасында жүргізуші куәлігін небәрі бір сағатта ауыстыратын жаңа сервис әзірленді. Қазақстандықтарға арналған осындай керемет сервистер командамыздың, ІІМ, Цифрландыру министрлігінің және басқа да мемлекеттік ведомстволардың бірлескен табысты жұмысының арқасында іске қосылды. Қазақстандықтардың өмірін жақсартатын сервистерді әзірлеуге қосқан үлесі үшін әрқайсысыңызға алғыс айтамыз!» – деді.

«Бұл – бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастық орнатуы қазақстандықтардың өмірін жақсарта түскенінің тағы бір мысалы, – деп атап өтті Ішкі істер министрлігінде. – Ведомство қаржы мекемелерімен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы азаматтарды және автокөлікті тіркеу саласында қызмет көрсетуді жеңілдететін бірнеше жобаны іске қосты. Қазір біздің алдымыздағы мақсат – барынша көп қызметті азаматтардың смартфондарында көрсету».

«Қазіргі таңдағы басты орында тұрған міндеттердің бірі – ХҚКО-ға келетін клиенттердің ағынын азайту, – деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин. — Күн сайын мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін ХҚКО-ға келеді. Куәлікті ауыстыру қажеттігі туралы хабарламаға қарамастан, көптеген автоәуесқойлар мерзімі өтіп кеткен куәлікпен ХҚКО-ға келеді, бұл қосымша қиындықтар туғызады, себебі медициналық комиссиядан өту, медициналық анықтама беру қажет болады. Бұл қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін қолайлы жағдай жасайтын және ХҚКО-ның жұмысын жеңілдететін пайдалы әрі қажетті қызмет».

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

13 + 5 =

x
2023-05-30
Утром23.8 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером27.12 ℃
Ночью26.65 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.66 м/с
2023-05-31
Утром22.95 ℃
Днем29.77 ℃
Вечером31.63 ℃
Ночью22.64 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра11.01 м/с