БҚО-да тәуелсіз бақылаушылар ауыл әкімі сайлауын өтпеді деп тануды талап етті

Батыс Қазақстан облысында Jaria тәуелсіз бақылаушылар бірлестігі сотқа қайырылып, Чапаев ауылындағы бір учаскедегі бюллетеньдердің барлығын жарамсыз тануды талап етті. Олар сайлау өтпеді деп танылсын деген талап та айтты.

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік соты.

Өткен жексенбіде Чапаевта ауыл әкімі сайлауы болған. Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беретін төрт учаскенің үшеуін қамтыған. Бірінде олар заңбұзушылық анықтап, шағыммен сотқа жүгінген.

—Дауыс беру кезінде сайлауға келген бір әйелге бірден үш бюллетень бергенін байқадық. Бұл сайлау заңын өрескел бұзу. Тіпті заңға қайшы екенін ескертсек те, комиссия мүшелері қажетті шара қолданған жоқ: берілген екі бюллетенді алып алды, ал үшіншісінің қайда кеткені белгісіз, – деді тәуелсіз бақылаушы Нұрболат Сатағұлов.

Оның айтуынша, сайлау комиссиясы мүшелері «қағаздар бір-біріне жабысып, беріліп кетті» дегенмен екі бланктың әрқайсысында қол болған. Сайлау комиссиясының мүшелері әрбір бланкті сайлаушыға бермей тұрып оған қол қояды.

—Бізде екі бланкте сайлау комиссиясы мүшелерінің қолы айқын көрінетін сурет бар. Үш бланкте дауыс беру ұяшығында белгі тұр, – деді Сатағұлов.

Комиссия мүшелері кездейсоқ заңбұзушылыққа жол бердік, қалған жағдайларда заң нормалары орындалды дейді.

—Сол күні қатарынан үш бюллетенді беріп жіберіппін, қалай беріп жібергенімді өзім де байқамай қалдым. Оны әдейі жасаған жоқпын, – деді сайлау комиссиясының мүшесі Заузат Әбсалямова.

Тәуелсіз бақылаушылар өз шағымында жарамсыз танылған бюллетендерді тәркілеу қатаң белгіленген тәртіп бойынша жүруі тиіс, ал Чапаевтағы N25 учаскеде ол талаптар орындалған жоқ дейді.

– Бюллетендер жарамсыз танылған кезде комиссия мүшелері тәркілеу актісін жасап, бланкілерді жоюы тиіс. Актімен комиссия мүшелері мен тәуелсіз бақылаушылар танысуы тиіс. Бірақ бұл ережелердің ешқайсысы орындалмады. Актіде тәуелсіз бақылаушылардың қолы жоқ, учаскеде екі тәуелсіз бақылаушы болған, – деді тәуелсіз бақылаушы Сатағұлов.

Сайлау комиссиясы тәуелсіз бақылаушылардың уәжімен келіспейді.

Чапаев ауылы Орал қаласынан 130 шақырым жерде орналасқан. Ол Ақжайық ауданының әкімшілік орталығы. Онда он мыңға жуық адам тұрады.

Қазақстанда ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы былтыр өткен. Ауыл әкімін тіке сайлауды билік демократияға жаңа қадамның бір көрінісі деп атаған. Сайлау нәтижесі бойынша аймақтардың басым бөлігінде ауыл әкіміне «Нұр Отан» (биыл «Аманат» болып өзгерді) партиясының мүшелері сайланды. Ауыл әкімдерінің көбі бұрынғы қызметіне қайта отырды.

Дереккөзі: Азаттық

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-11
Утром-11.94 ℃
Днем-6.9 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-10.55 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.71 м/с
2025-02-12
Утром-11.75 ℃
Днем-6.86 ℃
Вечером-9.66 ℃
Ночью-11.83 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.53 м/с