ЖОО-да ақылы оқимын деген түлектер тамызда өтетін ҰБТ-ға қатыса алады

Биылғы тамыз айындағы ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында 25-30 шілде аралығында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10-13 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ОА» мұрағатынан

Ұлттық тестілеу орталығы бұл ҰБТ-ға кімдер қатыса алатынын жариялады.

Олар:

– өз қалауымен ЖОО-да ақылы негізде оқығысы келетін орта білім ұйымдарының биылғы бітірушілері;

– ЖОО-да ақылы оқығысы келетін орта білім ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының бітірушілері;

– ЖОО-да ақылы негізде оқимын дейтін шетелде білім алған Қазақстан азаматы емес ұлты қазақ адамдар;

– ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданатын ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижесі жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижесі бар тұлғалар;

– ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдіргендер;

– ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша білім бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдіргендер.

Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркімен таңдайды.

Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром21.27 ℃
Днем27.76 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.87 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.49 ℃
Днем29.45 ℃
Вечером27.7 ℃
Ночью22.84 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.46 м/с