Орал саябағында 250 млн теңгеге жаңа шолу дөңгелегі орнатылды
Жаңа шолу дөңгелегінің биіктігі-42 метр. Аттракцион 18 кабинадан тұрады, сыйымдылығы төрт адам.
Әр кабинада кондиционер және панорамалық шынылау орнатылған. Алты кабинада едендер шыныдан жасалған. Жалпы орын саны – 72. Айналым шамамен сегіз минутты құрайды. Ересектерге арналған билет (12 жастан жоғары) 1200 теңге, балаларға (3 жастан 12 жасқа дейін) – 800 теңге, 3 жасқа дейінгі балаларға тегін. Аттракцион жұмыс күндері 13.00 – ден 20.00-ге дейін, демалыс күндері 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
«Іргетас өткен жылы құйыла бастады, орнату қаңтар айының ортасында басталды. Шолу дөңгелегі сертификаттаудан өтті, біз Бурабай мен Ақтөбеде осындай аттракциондарды сертификаттаған Мәскеуден мамандарды шақырдық. Олар барлық сынақтарды динамикалық, статикалық, жүктемемен және жүктемесіз толықтай өткізді. Осы рәсімдерден кейін ғана бізге сертификат берілді. Техникалық қызмет көрсетуді өзіміз жүргізетін боламыз, біздің мамандар оқытудан өтті. Аттракцион құны 250 млн теңге. Бастапқыда біз 200 млн теңге жұмсаймыз деп ойладық, бірақ бәрі қымбаттап, шолу дөңгелегі қымбатқа түсті», – деді «РИА «Мир» ЖШС директорының орынбасары Антон Ротштайн.
1986 жылы орнатылған ескі шолу дөңгелегінің техникалық жағдайы күмән келтірді. 2019 жылы Масленица мерекесінде ол ішінде адамдарымен бірге тоқтап қалып, құтқарушылар шақырылды.