Оралда 8 адам қаза тапқан апатта «қарсы бағытқа» шығып кеткен жүргізуші мас болған
Сот-медициналық сараптама қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, 5 ересек адам мен екі бала отырған «Лада» автокөлігімен соқтығысқан «Ниссан Максима» автокөлігінің жүргізушісі мас күйде болғанын анықтады.

Еске салайық, апат 18 шілдеге қараған түні Оралдағы округтік тас жолда сағат 2.22-де болған.
Полицияның мәліметінше, 32 жастағы ресейлік тіркеудегі «Ниссан Максима» автокөлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, «Лада Калина»автокөлігіне соғылған. «Лада» автокөлігінде 7 адам болды: 5 ересек адам және 2 бала.
Апат орнында 5 адам қаза тапты: «Лада»жүргізушісі мен жолаушылары. «Ниссан Максима» автокөлігінің жүргізушісі мен «Калина» автокөлігіндегі 2 бала ауруханаға жатқызылды. Алайда, кейін белгілі болғандай, олар да есін жимастан көз жұмды.
Талғат ОМАРОВ
