БҚО-да жаңа прокурор тағайындалды
Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып 3-класты мемлекеттік әділет кеңесшісі Шалабаев Серік Рысқалиұлы тағайындалды. Тиісті бұйрыққа ҚР Бас прокуроры қол қойды.
Осы тағайындалғанға дейін Шалабаев Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметін басқарды.

Прокуратура органдарында ол 1992 жылдан бастап жұмыс істейді.
Қызметін Ақтау прокуратурасының стажер лауазымынан бастады.
Бас әскери прокурордың орынбасары, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары, Бас прокурор аппараты басқармасының бастығы, Бас прокуратура департаменті бастығының орынбасары, құқық қорғау органдары Академиясының проректоры болды.