Грузия мен Әзербайжаннан әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан соң ғана қолдануға болады

Соңғы кездерде Қазақстан аумағына шет ел азаматтарымен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары сосын біздің елдің азаматтарының «иелігіне» беріледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

«ОА» мұрағатынан

Ескеретін жәйт, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер – ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер).

Осыған орай, МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.

Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан белгілі бір уақыттан кейін кетіп қалатыны байқалуда.

Яғни, ЕАЭО аумағына аталған автокөлік құралдары әкелінгенде, Қазақстан азаматына беру мақсатында келген деп пайымдалуда.

Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады.

Комитет Полиция департаменттерімен бірлесе отырып, рейдттік іс- шаралар жүргізуді ұйымдастырған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталады.

Қазіргі таңда 116 автокөлік құралы ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан азаматтарынан жеке пайдалануға арналған автокөлікті сатып алғанда еліміздің заңнамасын сақтауды сұрайды.

Алайда Сіз сатып алғалы жатқан автокөлігіңіздің шығу тегі немесе заңдылығы күдік туғызатын болса, онда Қазақстанда кедендік тазартудан өткені және тиесілі кедендік алымдар мен салықтар төлегені туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарынан білуге болады. Ол үшін Комитетке (87172 71 77 24) немесе тұрғылықты жердегі Мемлекеттік кірістер департаментіне, сонымен қатар ҚР ҚМ МКК Байланыс орталығына хабарласуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

3 + fourteen =

x
2023-05-30
Утром23.8 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером27.12 ℃
Ночью26.65 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.66 м/с
2023-05-31
Утром22.95 ℃
Днем29.77 ℃
Вечером31.63 ℃
Ночью22.64 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра11.01 м/с