Оралда екі автобустың соқтығысуынан 16 адам зардап шекті

Оқиғаға куә болғандардың сөзінше, жол апаты бүгін шамамен сағат 10.30-да Мұхит және Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болған.

Ашық көздерден

Қалада 39-бағытта жүретін «ПАЗ» автобусының жүргізушісі Дәулеткерей көшесімен келе жатып, басты көше – Мұхитқа шығарда жол бермей, 30″Д»  бағытында жүретін автобуспен соқтығысқан.

Салдарынан 39-автобус қиылыста тұрған Toyota Camry автокөлігіне аударылған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасап, барлық жарақат алғандар қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендердің бәрі де жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Бірқатары сынық жарақаттарын алған. Атап айтқанда, 30-72 жас аралығындағы 12 әйел, сондай-ақ 68 және 60 жастағы екі ер адам ауруханаға жатқызылды. Ал 34 жастағы ер адам емдеу мекемесінде жатудан бас тартты. Жарақат алғандар арасында үш жасар бала да бар. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде бәрінің жағдайы анықталу жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиға бойынша ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

16 − 15 =

x
2023-06-08
Утром8.99 ℃
Днем23.22 ℃
Вечером22.28 ℃
Ночью18.43 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра4.84 м/с
2023-06-09
Утром15.49 ℃
Днем23.73 ℃
Вечером22.06 ℃
Ночью18.31 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра2.78 м/с