БҚО-да салынған жолдардың жартысы сапасыз

Батыс Қазақстан облысы сапасы нашар жолдардың саны ең көп өңірлер бестігінде. Біздің өңірдегі жолдардың 43% — ы сапасыз орындалған, — деп мәлімдеді бүгін Үкімет отырысында.

Фото «ОА»

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев БҚО әкімдігі автожолдардың жағдайын жақсарту үшін қаржыландырудың тепе-тең бөлінуін қамтамасыз етпейтінін атап өтті

— Мемлекет басшысының тапсырмасына қарамастан, Батыс Қазақстан облысында автожолдардың жағдайын жақсартудың төмен қарқыны байқалуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір жолдарының нормативтік жағдайы 39% құрады, орташа республикалық мәні 80%. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ағымдағы жылы 2,6 млрд теңге бөлді, бұл барлық бюджеттің 10% – ын (қажетті қаржыландыру кезінде 30%) құрайды», — деді ИИДМ басшысы.

Министрдің айтуынша, жергілікті жолдардың сапасын тексергеннен кейін 28% (9 мың сынаманың 2,5 мыңы) талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Жолдардың сапасы нашар бойынша келесі қалалар мен өңірлер көш бастап тұр:

Шымкент (71%);

Маңғыстау облысы (61%);

Алматы (56%);

Шығыс Қазақстан облысы (49%);

Батыс Қазақстан облысы (43%);

Түркістан (40%).

ӘРІ ҚАРАЙ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: БҚО-да жергілікті жолдарды жөндеу кезінде 42 бұзушылық анықталды

Тоқаев БҚО-ның оңтүстік аудандарына жол салу мерзімінің бұзылуына кінәлілерді жазалаймын деп қорқытты

БҚО әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев: «Жаңа жолдар салудың қажеті жоқ, ескілерін қорғау керек»

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером10.07 ℃
Ночью5.94 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с