«Жайықжылуқуат» АҚ жылу тарифтерін төмендетеді
Табиғи монополияларды реттеу департаменті 1 тамыздан бастап «Жайықжылуқуат» АҚ үшін оның әкімшілігі 2021 жылы 100 млн.теңге сомасына инвестициялық бағдарламаны орындамаған деген негізде уақытша өтемдік тарифтерді енгізді. Мұндай сомаға монополист жылу желілері мен жабдықтарды жөндеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.
«Жайықжылуқуат» АҚ бұл соманы жылу және ыстық су тұтынушыларына өз қызметтеріне тарифтерді төмендету арқылы қайтарады.
Атап айтқанда, халық үшін жылыту тарифі 3540,51 теңгеден 3458,37 теңгеге дейін төмендетіледі.
Облыс бойынша барлығы 17 монополист кәсіпорын сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша тарифтік сметаларда көзделген шығындар бабын толық көлемде орындамаған. Кәсіпорындар жаңғырту және дамыту жөнінде белгілі бір жұмыстар жүргізуге тиіс болды.
ӘРІ ҚАРАЙ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: Оралда су мен кәріз тарифтері төмендеді