БҚО-да сіріңкемен ойнаған 7 жасар қыз күйіп қалды

БҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 тамыз күні сағат 13.00-де Теректі ауданы Долинный ауылында болған.

Ашық көздерден алынған көрнекі сурет.

«Жеке үйдің ауласында сіріңкемен ойнап жүрген кезде 2015 жылғы қыздың киімдері жанған. Оқиға салдарынан 2-3-дәрежелі термиялық күйік алған қыз Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. БҚО ТЖ департаменті отпен абай болу қажеттігін, әсіресе, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін тұрғындардың есіне салады», – деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыздың денесін 22 пайыз күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Қауіпсіздік ережелері:

  • балаларға жаман үлгі көрсетпеңіз, олардың қасында темекі шекпеңіз, қараңғы бөлмелерді жарықтандыру үшін қағаз жақпаңыз;
  • сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз;
  • ешбір жағдайда үйде ақаулы немесе үйде жасалған электр құрылғыларын ұстауға болмайды.
  • желіге қосылған құрылғыны қараусыз қалдыруға немесе оларды қадағалауды балаларға тапсыруға қатаң тыйым салынады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-10-06
Утром12.7 ℃
Днем15.41 ℃
Вечером14.49 ℃
Ночью12.46 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра6.49 м/с
2022-10-07
Утром7.24 ℃
Днем13.96 ℃
Вечером15 ℃
Ночью14.32 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.69 м/с