Оралда кәсіпкердің өлімі бойынша тың мәліметтер шықты
Болжам бойынша көз жұмған кәсіпкер қызметкерлерінің жалақысын төлемеген.

– Айғақтардың негізінде, негізгі себеп – тұрмыстық, төленбеген жалақы аясында. Жанжал жағдайлық болды. Күдіктінің ваххабизмнің немесе басқа да деструктивті-діни ағымның жақтаушысы болғаны, сондай — ақ радикалды идеяларды таратқаны туралы мәлімет жоқ,-деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі, 6 тамыз күні сағат 20.00-де Орталық қалалық саябаққа жақын жерде 48 жастағы Еркін Мұханғалиев көлік тұрағында қаза тапты. Ол пышақ жарақатын алып, сол жерде қайтыс болды. Марқұм «Гүлчатай» кафесінің (бұрынғы «Астория» мейрамханасы) және «Махаббат»мейрамханасының иесі болған.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер қылмыс жасалған жерден екі ер адам қашып бара жатқан бейнежазбаны тапты. Кейінірек тағы бір видео белгілі болды, онда күдіктілердің бірі кафеде үстел басында қаза тапқанға пышақ сала бастағанын көруге болады.

Полиция күдіктілерді іздеуге және ұстауға БҚО ПД барлық күштері мен құралдары тартылғанын хабарлады.
«Күдіктілердің ықтимал немесе нақты орналасқан жері туралы ақпаратты 102 пультіне немесе 98-45-30 нөміріне хабарлауды сұраймыз. Жасырындыққа кепілдік беріледі», – деді полицейлер облыс тұрғындарына.
Талғат Омаров