Оралда кәсіпкердің өліміне қатысты күдіктілер «Телеорталық» ауданындағы саяжайларда ұсталды (ВИДЕО)


— Бүгін, 8 тамыз күні сағат 10.30-да күдіктілер телеорталық ауданындағы «Көктем» саяжай қоғамында ұсталды. Ұстау кезінде олар полицияға қарсылық көрсеткен жоқ. Қазіргі уақытта жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр. 99-баптың 2-бөлігі «Қасақана кісі өлтіру»бойынша тергеу басталды. Бұл іс ҚР ІІМ министрінің жеке бақылауында, – деді БҚО ПД бастығының орынбасары Жанболат Жаншин.

2022 жылғы 8 тамызда Орал қаласында бизнесменді өлтірген күдіктілерді ұстау.

Жанболат Жаншиннің айтуынша, күдіктілер саяжай қоғамдастығының көшесінде ұсталды, онда әр үй мақсатты түрде тексерілді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар полицияның үйлерді тексеріп жатқанын естіп, жасырынуға тырысты.

– Мүмкін олар жақын маңдағы үйлерді тексеріп жатқанын естіп, қашып кетуге тырысқан шығар. Бізге қарапайым адамдар да көмектесті, олар күдіктілердің қай жаққа қарай қашқанын көрсетті. Ұстау кезінде олар қарсылық көрсеткен жоқ, Оралда оларды іздеуге барлығы 270 — тен астам адам қатысты, – деді Жаншин.

Полицейлердің мәліметінше, ұсталғандар ұстау кезінде қарсылық көрсетпеген. 8 тамыз 2022 жыл.

Еске сала кетейік, сенбі күні, 6 тамызда, сағат 19.55-те «Рахат-Лукум» караоке-мейрамханасында ұсталғандардың бірі кәсіпкер Еркін Мұханғалиевке мойын аймағына көптеген пышақ жарақатын салған, кәсіпкер алған жарақаттарынан «жедел жәрдем»келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.

Осыдан кейін полиция 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіні іздестіруді жариялады.

Талғат Омаров

Әрі қарай тақырып бойынша:  Оралда Киров саябағының жанындағы тұрақта бизнесменді пышақтап өлтірді. Полицияның күдіктілер туралы мәліметтері бар

Оралда кәсіпкердің өліміне күдіктілерге іздеу жарияланды

Оралда кәсіпкердің өлімі бойынша тың мәліметтер шықты

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

five × four =

x
2023-11-30
Утром-1.6 ℃
Днем0.73 ℃
Вечером-0.51 ℃
Ночью0.54 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.28 м/с
2023-12-01
Утром1.69 ℃
Днем1.09 ℃
Вечером-2.95 ℃
Ночью-1.97 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.26 м/с