«Біз ойлағандай болған жоқ» — БҚО әкімі №31 орта мектептің тағдыры туралы
Оралдағы №31 мектеп 2020 жылы жөндеуге жабылды. Ескі ғимарат бұзылды, билік оның орнына 400 орындық жаңа ғимарат салынатынын айтты. Алайда, әлі уәде етілген мектеп жоқ.

11 тамызда Қоғамдық кеңестегі есептік кездесуде облыс әкімі Ғали Есқалиев олардың мектепті уәде етілген мерзімде тапсыра алмағандарын мойындады. Бірақ құрылыс осы жылы қайта басталады деп уәде берді.
БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Жансұлу Төремұратова 31-ші мектептің тағдыры туралы сұрады.
— Бүгінгі таңда, менің білуімше, 31-ші мектеп жоқ. Енді бұл мектеппен не болады? Оның орнында жаңа мектеп салынады ма? Егер салынып жатса, қашан тапсыруды жоспарлап отырсыз? — деп сұрады БҚО әкімінен.
Есқалиев бүгінгі таңда №31 мектеп ресми түрде жоқ екенін растады.
— Қазір біз №31 мектепті статистикадан алып тастадық. Бірақ оның орнында біз міндетті түрде жаңа мектеп саламыз. Бұл жеке мектеп болады, бірақ онда оқу тегін болады. Мектептегі қосымша қызметтер ақылы болуы мүмкін. Жергілікті мердігер — «Казхол»ЖШС. Ол 2020 жылы осы 400 орындық мектепті қайта құру тендерін жеңіп алды. Бірақ, шынын айту керек, біз ойлағандай нәтиже шықпады, — деп мойындады облыс әкімі.
Оның айтуынша, қазір жобаға түзетулер енгізілуде. Құрылыс осы жылы жалғасады, — деп сендірді ол.
Серік ЕСЕНОВ
Фото Еркебұлан ГАПУОВ
