«Жұлдыз»қайырымдылық қоры «Мектепке жол» акциясына көмек жинағын жариялады
Көп балалы жалғыз басты ата – аналар үшін баланы қазіргі бағамен балалар киіміне, аяқ киім мен кеңсе тауарларына жинау қиын іс болды. Олар «Жұлдыз» қайырымдылық қорына балаларды мектепке дайындауға көмек сұрап жүгінеді. Қор «Мектепке жол»акциясына қаражат жинауды жариялайды.

Тамыз айының басынан бастап «Жұлдыз» қорының телефоны қоңыраулардан босамауда. Қала мектептерінің әлеуметтік педагогтары, үш және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналар көмек сұрайды. Мектепке баруға көмек қажет отбасылар саны артып келеді, – дейді әлеуметтік педагогтар.
Кеңсе тауарлары, дәптерлер, күнделікті және спорттық аяқ киім, спорттық және мектеп костюмдері қажет.
«Жұлдыз» ҚҚ мектеп киімін жақсы жағдайда қабылдайды. Сіз кеңсе тауарларын, дәптерлерді, рюкзактарды әкеле аласыз. Барлығы көп балалы және аз қамтылған отбасылар арасында бөлінетін болады.
Балаларға көмек ретінде «Мектеп»белгісімен Каспи ГОЛД карточкасына қаражат аударуға болады. Карточка қор менеджері Идрисова Данара 8 702 723 45 11 нөміріне тіркелген