Жаппай оқыту қорынан 37 мың теңгеден: кім қалай ала алады?

Балалардың ата-аналарына материалдық көмек енді ақшалай төленетін болады.

Көрнекі сурет

Білім министрлігінің тиісті қаулысы 2022 жылдың 19 тамызынан бастап күшіне енеді.

Материалдық көмек келесі санаттар бойынша беріледі:

1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

3) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

4) ТЖ салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындаған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататындарға.

Осы санаттағы балалардың ата-аналары мектеп директорының атына өтініш жазуы керек.

Ақшаны өз шотына алғаннан кейін ата-аналар балаға қажет нәрсені сатып алуды чектермен растауға және 15 жұмыс күні ішінде мектеп әлеуметтанушыларына есеп беруге міндетті.

Бір балаға жұмсалатын шығын орта есеппен 37 389 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдары 2022 жылғы 1 тамызға дейін оқушылардың мектеп нысандары мен кеңсе тауарларын сатып алды және материалдық көмектің жетіспейтін сомасының айырмасы шот карталарына аударылатын болады.

Мектеп формасымен және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге 127,2 млн.теңге көзделген.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.31 ℃
Днем-1.51 ℃
Вечером-2.31 ℃
Ночью-2.62 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.02 м/с
2025-01-21
Утром-8.36 ℃
Днем-10.28 ℃
Вечером-11.27 ℃
Ночью-13.13 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра9.68 м/с