БҚО-да пара алды деген күдікке ілінген мемқызметкерге қатысты іс сотқа жолданды

Ол 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше, аудит бөлімінің бас маманы салық төлеуден жалтару деректерін экономикалық тергеу департаментіне жолдамай, жасырып қалған. Оның осы әрекеті үшін кінәлі тараптан қомақты сыйақы алғаны анықталып отыр.

Облыстық прокуратура парақорлыққа қатысты тергеу амалдарын аяқтап, тиісті материалдарды сотқа жолдаған. Күдікті пара көлемінің 80 еселенген мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Департаменттің бас маманына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен айыптау актісі жасалды.

«Қылмыстық процестің үш буынды моделін қолдану шеңберінде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманына («А» азаматы) ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша (яғни, пара алуға оқталу, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның аса ірі мөлшерде ақша түрінде пара алуы) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен айыптау актісі жасалды және қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды», – деп хабарланды облыстық прокуратурадан.

Дереккөзі: Халық үні

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-11
Утром-11.01 ℃
Днем-6.9 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-10.55 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.71 м/с
2025-02-12
Утром-11.75 ℃
Днем-6.86 ℃
Вечером-9.66 ℃
Ночью-11.83 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.53 м/с