БҚО-ның оңтүстік аудандарында жол салуда жоспарланған кестені бұзу қаупі бар
«ҚазАвтоЖол» жолдарды уақытында жөндеуге не кедергі келтіретінін түсіндірді.

Мердігерлік компаниялар «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» және «Өнеге – Бисен – Сайхин» жолдарын күрделі жөндеуге 950 — ге жуық арнайы техника мен 1300 жұмыскерді жұмылдырды, бірақ жұмыстар жоспарланғаннан баяу жүріп жатыр, — деп мойындады «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ.
«Қазавтожолда» трассаларды уақытылы жөндеуге кедергі келтіретін үш факторды атады.
Битумның болмауы. Битумға деген қажеттілік ағымдағы жылы 59 000 тоннаны құрайды, бірақ құрылыс маусымының соңында құрылысшылар бар болғаны 13 000 тонна алды. Жол компанияларының өтінімдерін растауда қиындықтар бар.
Қиыршық тасты тасымалдауға арналған вагондардың болмауы. Батыс Қазақстан облысында тас карьерлері жоқ, сондықтан қиыршық тас көрші өңірлерден әкелінеді. Бірақ батыс облыстарда барлығы 2700 вагон бар, олардың 1000-ы көмір тасымалдау үшін пайдаланылады.
Дизель отынының тапшылығы және артық құны. Жол-құрылыс техникасын отынмен қамтамасыз ету үшін тәулігіне 100-130 тонна дизель қажет.
«ҚазАвтоЖол» жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды, бірақ компанияға тәуелді емес себептер бойынша жұмысты уақытында аяқтамау қаупі бар, деп ескертті АҚ баспасөз қызметі.
«Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайхин» тасжолдарындағы жалпы ұзындығы 248 км жұмыстар төртінші жыл жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстарын аяқтау 2021 жылы жоспарланған болатын.
Екі республикалық жолды күрделі жөндеуге 2019 және 2020 жылдары 2,5 млрд теңгеден, 2021 жылы тағы 20 млрд теңгеден бөлінді. Ағымдағы жылы бұл жолдарды күрделі жөндеуге «Қазавтожол» республикалық бюджеттен 20 млрд.теңге алды.
