БҚО Ақжайық ауданында жоғалып кеткен жігіт табылды — Ерасыл Төлеуғали суға батып кеткен
Бүгін, 25 тамызда еріктілер оның денесін БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылының маңындағы Жайық өзенінен тапты.

Марқұм Ерасыл Төлеуғалидің туысы «ОА» — на қазір жігітті Ақжайық ауданында тұратын ағасы анықтағанын («Қыдырбай» қыстағында осы кісіде жоғалып кеткенге дейін Ерасыл болған) айтты.
Еске сала кетейік, Ерасыл Ерболұлы Төлеуғали, 20.04.2004 жылы туған, Орал қаласының тұрғыны, ағымдағы жылдың 21 тамызында жоғалып кеткен – жігіт БҚО Ақжайық ауданы Базаршолан ауылынан 7 шақырым жердегі «Қыдырбай» қыстағынан таңға жақын кетіп қалған. Төрт күн бойы ата-аналар, полиция және еріктілер оны қалада және Ақжайық ауданында іздеді.
Хабар-ошарсыз кеткен жігіттің анасы Жаннат Хамидуллина «ОА» — на ұлы Ерасыл Төлеуғали жаз бойы Ақжайық ауданына қайнағасына баратынын, «Қыдырбай»қыстағында мал бағуға көмектесетінін айтты. Осы жазда ол да туыстарында болды.
Осы жылдың 21 тамызында ол қыстаудан жоғалып кеткен кезде, туыстары бүкіл даланы аралап, оларға полиция қызметкерлері, еріктілер көмектесті. Соңғы сәтке дейін туыстары Ерасыл тірі деп үміттенген.
— Біздің Ерасылды іздеуге көмектескендердің барлығына рахмет. Барлық осы адамдарға мықты денсаулық. Құдай ешкімнің мұндай қайғы бермесін», — деп бөлісті редакцияға іздеуге қолдау көрсету үшін жүгінген Ерасыл Төлеуғали отбасының туысы.
