«ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді

«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» бірігіп, біртұтас автожол компаниясын құрды. Биыл шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген еді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді, – деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осылайша, «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодор» бірыңғай жол компаниясына біріктірілді.

– Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Жобада «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы «Казахавтодор» ЖШС-дағы мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылды. Атап айтқанда, аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру және қайталанатын функцияларды қысқарту, – деп жазылған хабарламада.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-13
Утром0.19 ℃
Днем0.13 ℃
Вечером0.36 ℃
Ночью-5.21 ℃
Влажность99 %
ДавлениеhPa 994
Скорость ветра6.99 м/с
2025-12-14
Утром-8.76 ℃
Днем-8.48 ℃
Вечером-10.35 ℃
Ночью-9.13 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра14.11 м/с