Қазпоштаның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады
«Қазпошта» АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады. Бұл туралы компанияның ресми сайтында жарияланды. Мекемеде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.

«Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00.00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08.00-ге дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24″ терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады», – делінген ресми хабарламада.
Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес берді.
«Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – дейді компания өкілі.