2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы өспейді – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақыға қатысты өзгерістер туралы айтты.

Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.
Ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді.
Алда зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жүктеу керек. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», – деді Президент.
Тоқаевтың жаңа жолдауындағы басты мәселелер:
▪️биыл кезектен тыс президент сайлауы өтеді;
▪️президент өкілеттігінің мерзімі 7 жыл болады, бірақ қайта сайлануға тыйым салынады;
▪️2023 жылы мәжіліс пен мәслихат сайлауы ұйымдастырылады;
▪️әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге дейін төмендейді;
▪️ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін өседі;
▪️бала күтіміне берілетін төлем бір жарым жасқа дейін ұзартылады;
▪️ұлттық қор табысының 50 проценті балалардың есепшотына жиналады;
▪️қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады;
▪️шетелден әкелінген көліктер 200-250 мың теңгеге заңдастырылады;
▪️отбасылық зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі.
