Батыс Қазақстанда бір күнде жол апатынан екі адам қаза тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, екі жол-көлік оқиғасы 31 тамыз күні болған.

Бірінші оқиға Тасқала ауданы аумағында, шамамен таңғы сағат 06.00-де Озинки-Орал автожолының 10-шақырымында орын алды.

1988 жылғы жүргізуші «Форд Вьюжен» автокөлігінің руліне ие бола алмай, 40 жастағы ер адамды қағып кетті.

Ер адам өз автокөлігінің жанында, жолдың қарсы бетінде тұрған. Ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Екінші оқиға сол күні шамамен сағат 07.55-те Самара-Шымкент жолының 446-шақырымында Сырым ауданы аумағында болды.

1976 жылғы жүргізуші «Daewoo Matiz» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған. Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болды.

Оған қоса түрлі жарақат алған 1984 жылғы әйел мен 2011 жылғы ер бала Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

«Қазіргі кезде аталған деректер бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады. Автокөлік қозғалысы кезінде міндетті түрде қауіпсіздік белдігін қолдану қажет», — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, 1984 жылғы әйел ауыр жарақат алмаған, амбулаторлық ем алуға жолданды.

11 жасар бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылды.

Дереккөзі: Inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром14.68 ℃
Днем22.19 ℃
Вечером19.11 ℃
Ночью18.3 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.05 м/с
2026-06-09
Утром15.85 ℃
Днем23.9 ℃
Вечером22.5 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.08 м/с