Орал мәслихатының депутаттары қаланың құрметті төрт азаматын таңдады

«Орал қаласының Құрметті азаматы» атағы берілгендердің арасында – білім және мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, бизнес-ханым және облыстық көпбейінді аурухананың ең танымал хирургтарының бірі бар.

Бүгін, 2 қыркүйекте қалалық мәслихат сессиясында халық қалаулыларының пікірінше, Орал өңірінің еңбек сіңірген адамдарының тізіміне толықтыру уақыты келді.

Орал қалалық мәслихатының шешімімен «Орал қаласының Құрметті азаматы» атағы педагог, ҚР Білім беру ісінің үздігі, дарынды балаларға арналған №11 С. Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған қазақ мектеп – интернатын 25 жыл басқарған Ерсайын Қадырұлы Сапаровқа берілді. Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа буынын азаматтық, адамгершілік және патриотизмге тәрбиелеуге, сондай-ақ білім беру сапасын жетілдіру мен арттыруға қосқан ерекше үлесі үшін.

Облыс және қала тұрғындарын сауықтыруға қосқан үлесі, емдеу – алдын алу жұмыстарының үнемді және тиімді түрлерін енгізгені үшін облысқа танымал хирург Серік Ғұмарұлы Хайрекешев «Орал қаласының Құрметті азаматы» атанды.

«Орал қаласының Құрметті азаматы» атағы «Балзия» ЖШС басшысы, меценат, «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің жұмысқа орналастыру жоспарындағы әлеуметтік серіктесі – Орал қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі және өндіріске жаңа технологияларды енгізгені үшін Балзия Жұбанасқызы Евнееваға берілді.

«Орал қаласының Құрметті азаматы» атағын қалалық мәслихат депутаттары ұзақ жылдар бойы облыстық тарихи – өлкетану мұражайын басқарған, Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа буынын тәрбиелеуге, азаматтыққа, имандылыққа және патриотизмге ерекше үлес қосқан, саяси-әлеуметтік, мәдени – экономикалық және рухани дамуына үлес қосқан ҚР Мәдениет қайраткері Сара Ескайырқызы Танабаеваға беруді шешті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-15
Утром9.84 ℃
Днем18.57 ℃
Вечером19.23 ℃
Ночью14.13 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с
2025-05-16
Утром12.44 ℃
Днем20.56 ℃
Вечером20.44 ℃
Ночью15.92 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.29 м/с