Қостанай облысындағы өрт: 100-ден аса ғимаратқа зақым келді

Қостанай облысындағы өрт салдарынан 108 ғимаратқа залал келтірілді, деп хабарлайды обыстық төтенше жағдайлар департаменті.

«3 қыркүйек, сағат 16.00-ден бастап өрт Озерный ауылына өтті, мұнда 8 үй мен бір әкімшілік ғимараты, Лесной ауылында бір үй, Аманөарағай ауылында 98 тұрғын үй мен қора-қопсы өртенді. Ұазіргі уақытта 108 ғимаратқа зақым келді», — делінген хабарламада.

Бүгін облысқа қосымша күш жіберіледі: 15 автоцистерна, 2 вахташылар, 1 қызметтік көлік, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД құрамынан 98 адам, Алматыдан су шашатын екі тікұшақ.

Қазір өртті сөндіруге 91 техника, 3 тікұшақ, 5 өрт сөндіру пойызы мен 600 адам жұмылдырылған.

Аманқарағай мұнай базасы мен Лесной аумағындағы өрт сөндірілді. Бұған дейін ТЖД баспасөз қызметі өрт салдарынан бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Өрт ауыздықталғаннан кейін тағы екі адам қаза тапқаны белгілі болды. Олардың денелері үйінді астынан табылған. Қаза болғандар — 20 және 35 жастағы ер адамдар. Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерді қарау барысында адам денесі табылды. Ол — 1936 жылы туған мүгедектігі бар ер адам. Жедел іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар оған хабарлағаны, бірақ ол эвакуация шараларынан бас тартқаны анықталды. Дегенмен адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі.

Сондай-ақ, ол өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланғанын айтты. Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады.

Еске салайық, Қостанайда Назарбаев даңғылы, 115 мекенжайында «Оружейная палата» дүкені өртенген еді. Содан кейін өрт «Оңтүстік» қызмет көрсету станциясы мен асхана ғимаратын шарпыған. Сондай-ақ, жақын маңдағы екі автокөлік өрттен зардап шеккен.

Ертең сағат 9: 00-ден бастап «AMANAT» партиясының барлық өңірлік филиалдарында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады.

Сонымен қатар, партиялықтар мен «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылады, олар Қостанай облысына қалпына келтіру жұмыстарына қатысу үшін шығады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-06
Утром0.29 ℃
Днем1.03 ℃
Вечером0.21 ℃
Ночью-0.01 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.34 м/с
2025-12-07
Утром-1.76 ℃
Днем1.02 ℃
Вечером0.64 ℃
Ночью0.8 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.11 м/с