Көлік жүргізушілерге талап күшейді
Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты көлік жүргізушілерге қатысты кейбір заңдар қатаңдады.

Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді:
мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпаған көлік жүргізушісі екінші рет ұсталса, 20 АЕК (63 600 теңге) айыппұл арқалайды, я болмаса, 1 жылға көлікті жүргізу құқығынан айырылады;
жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір үшін бірден 5 тәулікке қамалады;
көлікті тоқтату туралы талапты алғаш рет орындамағаны үшін 40 АЕК айыппұл (127 200 теңге) төлейді немесе 3 тәулікке дейін қамалады;
полиция талабына бағынбау әрекеті қайталанса, бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады немесе 5 тәулікке қамалады;
осы құқық бұзушылықты көлік жүргізу құқығы жоқ немесе одан айырылған адам жасаса, айыппұл 60 АЕК (190 800 теңге) болады немесе 15 тәулікке дейін қамалады;
полицияның заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін 30 АЕК (95 400 теңге) айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау шарасы болады, ескертуді алып тастады;
Ал қамауға алу шарасы қолданылмаған жағдайла салынатын айыппұл 50 АЕК-ке (159 000 теңге) дейін ұлғайтылды.