ҚР – да бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жарым жылға дейін ұзартылды
— Қазақстанның әлеуметтік кодексінде отбасылардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы шараларды қолдайтын толықтырулар пайда болды, – деп журналистерге «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ БҚО бойынша филиалының басшысы Арман ЕЛДЕСОВ хабарлады.

— Қазір мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің алты түрі жұмыс істейді. Негізгі жаңалықтардың бірі — бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жастан бір жарым жасқа дейін ұлғайту, – деді Арман Елдесов.
Ол бұл норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қатысты болатынын атап өтті.
– Бұл құқықты жарты миллионға жуық ата-ана пайдаланады. Бұл ретте бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуге үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуі тиіс. Ол бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жүргізілген табыстың 40% – ын құрайды, – деп хабарлады Арман Елдесов.
Оның айтуынша, жұмыс істемейтін ата-аналар немесе бала туылғанға дейін соңғы екі жылда 6 айдан аз жұмыс өтілі бар адамдар жәрдемақы мен төлемдерді тек мемлекеттік бюджеттен ғана ала алады.
Сонымен қатар, бала күтімін жүзеге асыратын ата-ана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны төлеу тоқтатылуға тиіс.
— Кодекске жаңа толықтырулар бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайтынына және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшерінде жүргізілетініне назар аударамын, – деп атап өтті Арман Елдесов.
Қор басшысы Тәуелсіз қызметкерлер деп аталатындар үшін тағы бір қосымша пайда болғанын айтты (бұған дейін мұндай қызметкерлерді өзін – өзі жұмыспен қамтығандар деп атаған-авт.ескерт.).
– Азаматтардың бұл санаты әлеуметтік қорғалмаған күйінде қалып отыр. Мысалы, олардың еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты жұмысынан немесе табысынан айырылған жағдайда, мұндай азаматтардың медициналық сақтандыру жүйесін қоса алғанда, қолдаудың ешқандай әлеуметтік кепілдіктері болмайды.
Сондықтан мұндай жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау қажеттілігі туындады, олардың жұмыспен қамтылу нысаны мен сипатына қарамастан, бірлескен жұмыспен (бір жұмыс орнында екі жұмыс істейтін адам), қатар жұмыспен қамту (екі жұмыс орнында бір қызметкер), жылжымалы кесте болады, — деп түсіндірді Арман Елдесов.
Ол мұндай жаңашылдық тәуелсіз қызметкерлердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын қамтамасыз ететінін толықтырды.
Мария ДРАЧЕВА