Қазақстанда АЖҚС-та дизель отынын сатуды есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды

2022 жылғы 15 қыркүйекте Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің базасында сараланған бағалар бойынша дизель отынын жіберу үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі баспсөз қызметі.

2022 жылғы 15 қыркүйекте Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесінің базасында сараланған бағалар бойынша дизель отынын жіберу үшін тұтынушылар деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды.

Ақпараттық жүйенің функционалы нақты уақыт режимінде елдің автожанармай құю станцияларына (АЖҚС) АЖҚС-та 1 литр үшін 230-260 теңгеден (өңірге байланысты) сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалауға мүмкіндік береді.

Сервис бюджет қаражатының шығынысыз әзірленген және Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасынан құжаттарды тексеруді көздейді.

Естеріңізге сала кетейік, 22 тамызда ҚР Энергетика министрлігі мүмкін нұсқалардың бірі ретінде 2019 жылы өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесі» қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын, ақпараттық жүйенің операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) болып табылады.

Қазіргі уақытта келіп түскен өтініштерге сәйкес «ҰАТ» АҚ елдегі 2 мың АЖҚС үшін логиндер мен парольдер ұсынды, оның ішінде 271 АЖҚС жүйені іс жүзінде қолдана бастады, яғни жүйе іске қосылғаннан кейін бірден пайдаланушылар ретінде «кірген», жалпы ел бойынша АЖҚС-тарда 2 365 сату жүргізілді.

Сондай-ақ АЖҚС операторларына жүйемен жұмыс бойынша жедел консультативтік көмек көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тарапынан техникалық қолдау орталығы іске қосылды.

ҚР Энергетика министрлігі «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесін АЖҚС, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен және өзге де ақпараттық жүйелер мен сервистермен интеграциялау жұмыстарын жалғастыратын болады.

ОСЫ ТАҚЫРЫПТА ОҚЫҢЫЗ: Қазақстанның ЖМҚС-да дизель отынын сатып алушылардың деректерін верификациялау жүйесі іске қосылады

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром2.62 ℃
Днем10.46 ℃
Вечером9.99 ℃
Ночью6.75 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.18 м/с
2026-04-22
Утром4.1 ℃
Днем9.4 ℃
Вечером10.71 ℃
Ночью8.05 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.36 м/с