БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментің қызметкерлері жемістерден нитраттардың асып кетуін анықтады

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді сатып алу жолымен тамақ және тамақ емес өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Тамыз айында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сала мамандарымен 296 өнім сынамасы сатып алынып зерттелді (211-і тамақ өнімі және 85 тамаққа жатпайтын өнім).

Сатып алынған сынамалардың 70%-ын (207) ЕАЭО мүше мемлекеттердің өндірісі, 20%-ын (61) – отандық өндірушілер, 10%-ын (28) алыс және жақын шетел өндірушілері құрады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша, 27 өнім сынамасы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейді деп танылды. Бұл барлық сатып алынған өнімнің 9%-ын құрады. Сәйкес келмейтін өнімнің негізгі үлесі, яғни 74%-ы (20 сынама) – импорттық өнімге тиесілі. Отандық өндірушілер өнімдерінің сәйкессіздік үлесі – 11% (3 сынама) құрады.

Сәйкессіздіктер санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімдердің әр тобында анықталды. Негізгі бұзушылық өндірушілердің таңбалау қағидаларын бұзуы (23 бұзушылық) болып табылады. Бұл барлық анықталған бұзушылықтардың 85,1% -ын құрады.

Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама барысында жемістердің 3 үлгісінде нитраттардың асып кетуі және балалар киімінің 1 үлгісінде физика-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды (гигроскопиялық нормадан төмен). Бұл сәйкессіздік бойынша тауарды өндірушіге қайтару рәсімделді. Сондай-ақ, тауарлық-ілеспе құжаттаманың болмауына байланысты супермаркетке әкімшілік хаттама толтырылды.

Өткізушілерге, жеткізушілерге, импорттаушыларға және өндірушілерге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жүргізілуде. БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басқармалары тамыз айында кәсіпкерлік субъектілеріне ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 12 нұсқаманы жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып берді.

Тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында ай сайын ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында өнім қауіпсіздігін мониторингтеу барысында анықталған сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі орналастырылады. Тұтынушылар өнімдер туралы ақпаратқа ие бола отырып, денсаулығына қауіп төндіретін барлық қауіптерді болдырмай, дұрыс таңдау жасай алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-19
Утром1.95 ℃
Днем3.96 ℃
Вечером3.01 ℃
Ночью1.97 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.92 м/с
2025-03-20
Утром-0.36 ℃
Днем4.57 ℃
Вечером5.53 ℃
Ночью3.57 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.39 м/с