Оралда ішімдіктің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды
Оралда екі жолдас бірлесіп ішімдік ішіп, соңында бөтелкелесін өлтірген. Жанжалдың себептері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға осы жылдың 18 қыркүйегінде шамамен 23.25 сағатта орын алған. Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде екі ер адам ішімдік ішіп отырған. Бірлескен отырыстың барысында олардың арасында жанжал туындап, 1985 жылғы ер азамат қолына үшкір зат алып, 1984 жылғы азаматтың денесіне зақым келтірген. Екеуарадағы жанжалдың соңы өлімге әкеп соққан. Жедел жәрдем келгенге дейін 1984 жылғы жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру)бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.