Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын», – делінген жарлықта.

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Еске салсақ, биыл 1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Президент сайлауға баруға дайын екенін айтты.

Үкімет кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдайды.

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етіп, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсету жүктелді.

Айта кетері, Конституцияға енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, Қазақстан президенті жеті жылға және бір мерзімге сайланады. Тиісті заңды таяуда парламент қабылдап, Тоқаев қол қойды.

Аумалы-төкпелі заманда Қазақстан халқы өз президентін тез арада сайлап, оның өкілеттілігін бекітіп алуы тиіс. Онымен бірге, президенттік сайлауға түсер басқа үміткерлерге де жеткілікті уақыт берілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.42 ℃
Ночью-1.8 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с