Путиннің жолдауынан кейін ресейліктер Алматы мен Астанаға билетті жаппай сатып алып жатыр

Путиннің Жолдауынан кейін ресейліктер 21 қыркүйекке жоспарланған Стамбұл мен Ереванға тікелей рейс билеттерін бірнеше минут ішінде сатып алды.

Мәскеу уақытымен түске қарай Мәскеуден Ташкент, Баку, Бішкек және Астанаға тікелей рейс билеттері жоқ екені көрсетілген. Бірнеше рейспен жету нұсқалары әзірге бар, — деп хабарлады «Вёрстка» телеграм-арнасы.

Ресейде ішінара мобилизациялау туралы жарияланғаннан кейін РФ қалаларынан Қазақстанға билет бағасы қымбаттап, сұраныс артқан, — деп хабарлады Экспресс К.

Мобилизация – қарулы күштерді бейбіт жағдайдан толық жауынгерлік әзірлікке көшіру.

Жолдаудан кейінгі алғашқы сағаттарда билет іздеу платформаларында үлкен жүктеме байқалады, деректер әдеттегіден баяу жүктеледі.

Мәскеудің Внуково әуежайынан Алматыға таяу күндерге тіпті қымбат билеттің өзі сатылып кетіп жатыр. Мысалы, 22 қыркүйекке билеттер жарты сағат ішінде сатылып кеткен.

21 қыркүйек күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Мәскеу мен Санкт-Петербургтен көрші және жақын елдерге немесе бірқатар қалаларға осы аптаға әуе билеттері азайып барады. Билеттердің құны да айтарлықтай қымбаттады – бірнеше жүз мың теңгеге дейін, ал кей жағдайда бағасы қазақстандық валютамен есептегенде миллиондарға жетеді.

Мысал ретінде Мәскеуден келесі бағыттарды келтіреміз:

  • Мәскеу-Алматы: 21 қыркүйекке билет қалмады. 22-сіне 2 билет қалды, құны 540 мың теңгеден басталады.
  • Мәскеу-Астана: 21 қыркүйекке билет қалмады. 22-де әр түрлі авиакомпаниялардан әртүрлі рейстерде тағы 6 билет бар. Құны 544 мың теңгеден 6 миллион теңгеге дейін.
  • Мәскеу-Бішкек: 21-22 қыркүйекке билет жоқ. 23 қыркүйектен бастап билеттер құны 214 мың теңгеден басталады.
  • Мәскеу-Ташкент: бүгін 445 мың теңгеге 1 билет қалды. 22 қыркүйекке билет жоқ.
  • Мәскеу-Тбилиси: 21-22 қыркүйекке билеттер жоқ. 23-і күні бірнеше билет қалды, құны 510 мың теңгеден басталады.
  • Мәскеу-Стамбул: 21 қыркүйекке 576 мың теңгеге 1 билет, 22 қыркүйекке 738 мың теңгеге 1 билет бар.

Астанаға билет сатуға қатысты жағдай да осындай. Таяу аптадағы рейстердің әрқайсысында санаулы орын қалған. Платформалар билет сатып алып жатқанда осындай ескерту жасайды.

Санкт-Петербургтен де билетті жаппай сатып алып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-1.17 ℃
Днем-4.67 ℃
Вечером-8.73 ℃
Ночью-12.55 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.17 м/с
2026-03-08
Утром-6.95 ℃
Днем-2.35 ℃
Вечером-7.65 ℃
Ночью-4.29 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.71 м/с