2023 жылы мектеп асханасында бағалар арзандайды

2023 жылы мектеп асханасында бағалар арзандайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында айтты.

«ОА» мұрағатынан

«Тамақтандыруды ұйымдастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Бұған дейін мектеп асханаларындағы тамақтың қымбаттығына байланысты проблемалар туралы жазған болатынмын. Буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездеседі. Біз мамандардың қатысуымен жұмыс тобын құрып, қажетті түзетулерді әзірледік», — деді министр.

Қандай өзгеріс енгізілді

Қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалды. Енді мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып қалыптастырылады.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Бұл асханаларда бағаның көтерілуіне жол бермейді.

«Енді жеткізушілер тендерді ұйымдастырушының конкурс құжаттамасында көрсеткен ас мәзірі мен бағаларға сәйкес қатаң жұмыс істейді. Бұл тыйым салынған өнімдерді өндіру және өткізу тәуекелдерін жою, сонымен бірге буфет өнімдерінің бағасын белгілеу үшін қажет», — деді ведомство басшысы.

Бұл не үшін қажет

Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қаңтар айында мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, картоп 100 теңге тұратын келісімшарт жасалған жағдайлар жиі кездескен. Кейін бірнеше ай өткен соң жеткізуші тауарды әкелуден бас тартып, ұйым азық-түліксіз қалады. Жосықсыз жеткізушілердің тізімі сот процедурасына енгізілген. Бірақ көптеген жеткізуші мұны елемейді.

Енді жаңа норма бойынша әкімдіктер мұндай жағдайларда осы өнімдердің орташа бағасына сәйкес ұйымдарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін қосымша келісім жасайды. Бұл ережелер келесі жылдан бастап қызмет көрсетушілермен жаңа келісімшарттар жасалғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-10
Утром-14.62 ℃
Днем-13.99 ℃
Вечером-14.02 ℃
Ночью-18.48 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.17 м/с
2026-02-11
Утром-23.83 ℃
Днем-15.06 ℃
Вечером-20.06 ℃
Ночью-21.96 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.15 м/с