Назарбаев сотқа жүгініп, 75 мың доллар талап етіп отыр

Назарбаев Қоры АҚШ сотына Жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) мен OpenDemocracy-ге жала жапты деп айыптады.

Бул туралы vlast.kz хабарлайды.

Бұған дейін ұйымдар Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған компанияның 7,8 миллиард доллар активтеріне иелік ететінін мәлімдеген болатын.

Қор журналистерден 75 мың доллар көлемінде өтемақы, сондай-ақ сот шығындарын өтеуді талап етіп отыр. OpenDemocracy бас редакторы Питер Гаген сот процестері басылымға ондаған мың фунт стерлингке түскенін айтты. Оның айтуынша, бұл сот ісі тәуелсіз журналистің аузын жабуға жасалған ашық әрекет.

– Біз шағын, коммерциялық емес медиа ұйымымыз, оған бай және қуатты ұйым қоғамдық мүдде саласы деп сипаттағанымыз үшін шабуыл жасады, – деді ол.

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының негізін қалаушы Дрю Салливан қазірдің өзінде олардың орталығы Назарбаев Қорына қатысты жүргізген тергеудің растығын толық дәлелдеуге дайын екенін білдірді.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтар айының соңында OCCRP қазақстандық Vlast басылымымен және Қырғызстанның Kloop басылымымен бірлесе отырып, Нұрсұлтан Назарбаевтың төрт қайырымдылық қоры туралы айтқан мақаласын жариялаған болатын. Материалға сәйкес, бұл ұйымдар 7,8 миллиард доллардың активтерін бақылайды және Қазақстанның бұрынғы президенті оларды бақылап, шешім қабылдай алады.

Осылайша журналистер «ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры» Назарбаев туралы фильм түсіру үшін жеті миллион доллар төлегенін анықтады.

Назарбаев қоры хабарлағандай, олардың ұйымына қатысты OCCRP журналисттік зерттеуі «дұрыс емес» екенін айтты. Олардың өкілі Жанет Тұрарбекованың айтуынша, бұл олардың қоры тек университеттер мен мектептермен ғана айналысады. Оның пайымдауынша, орталықтың материалында оларды қалған қаражаттан бөлу керек, өйткені оларда «әртүрлі ұшақтар, ақылсыз активтер» жоқ.

Назарбаев қоры OCCRP-ке қарсы сотқа шағым түсіреді деген қауесет 2022 жылдың тамыз айының басында пайда болды. Содан кейін Салливан бұл пиар болуы мүмкін екенін айтты, өйткені қордың сотты жеңуге мүмкіндігі жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-14
Утром16.32 ℃
Днем17.49 ℃
Вечером14.78 ℃
Ночью13.71 ℃
Влажность91 %
ДавлениеhPa 1000
Скорость ветра9.5 м/с
2025-05-15
Утром9.33 ℃
Днем18.22 ℃
Вечером18.94 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с