Қаңтар оқиғасы бойынша қанша адамға рақымшылық жасалады

Қаңтар оқиғасына қатысқан 1520 адамға рақымшылық жасалуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратураның ашық талқыға шығарылған «Рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының жобасы негізіндегі консультативтік құжатында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтардағы оқиғалар бойынша іс жүргізуде рақымшылық жасауға жататын 391 қылмыстық іс бар. Олар бойынша 383 күдікті айыпталушы ретінде өтіп жатыр. Бұлтартпау шаралары бойынша: ешқайда кетпейтіні туралы қолхат – 153, күзетпен ұстау – 147 адам, үйқамаққа алу – 24, кепіл – 19, жеке кепілгерлік – 2, бұлтартпау шарасы таңдалмаған – 28, іздеуде – 10. Сондай-ақ, соттың іс жүргізуінде 102 адамға 36 іс бар. Сотталғандар — 1 035, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер – 93, пробацияда-930, айыппұл тағайындалды – 3, қоғамдық жұмыстар – 9. Ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мәселені шешу үшін ұсынылатын реттеу – рақымшылық жариялау» деп көрсетілген құжатта.

Бас прокуратура ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен толық босатуды ұсынып отыр.

Ал ауыр және аса ауыр қылмысқа барғандардың жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Осы орайда мемлекетке опасыздық жасау, жаппай тәртіпсіздік, сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырған, террористік және экстремистік қылмыс жасаған, азаптаған және қылмысқа қайта барған азаматтарға рақымшылық жасалмайды.

Ұсынылып отырған консультативтік құжатты талқылау 14 қазанға дейін жалғасады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.99 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с