Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum нұсқасы бойынша тағы да үздік CEO атанды

Жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum-да жылдың үздік басшыларын марапаттау рәсімі өтті.

Жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum-ында жылдың ең үздік басшыларын марапаттау рәсімі өтті. Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе қатарынан бесінші рет «Жылдың ең үздік CEO» атанды. Михаил «Мінсіз клиенттік тәжірибесі үшін» марапатына ие болды.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Бүкіл командамыздың жұмысының нәтижесін бағалағаны үшін қазылар алқасына рақмет. Бізді ең алдымен Kaspi.kz-тің қазақстандықтардың өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер жасау миссиясы шабыттандырады. Біз «Қазақстан мен қазақстандықтар үшін не жақсы болса, Kaspi.kz үшін де сол жақсы» принципін басшылыққа аламыз. Kaspi.kz толығымен Қазақстанда құрылған компания екенін шын жүректен мақтан тұтамыз. Алдағы уақытта да қазақстандықтарды ең заманауи, қарапайым әрі ыңғайлы онлайн-сервистермен қуантып, таңғалдыруға тырысамыз. Бізбен бірге болғаны үшін сүйікті клиенттерімізге рақмет айтамыз!» – деп атап өтті.

Жыл сайын ең үздік басшыларды Kazakhstan Growth Forum-ының сарапшылар кеңесі анықтайды. Оның құрамында Ораз Жандосов (Қазақстан экономистері қауымдастығының қамқоршылық кеңесінің төрағасы), Андрей Беклемишев (IDC Орталық Азия аймақтық директоры), Елена Бахмутова (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы), Екатерина Бенджамин (IFC өкілдігінің басшысы), Ержан Досымбеков (Grant Thornton аудиторлық компаниясының басшысы), Ерлан Досымбеков (EY Қазақстан басшысы) және Сәкен Жұмашев (KPMG Қазақстан басшысы) болды. Жеңімпаздар экономиканың әртүрлі саласынан ұсынылған 500 қазақстандық үздік компаниялардың ішінен таңдалады.

Сондай-ақ Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе PricewaterhouseCoopers (PwC) жетекші халықаралық консалтингтік компаниясы жыл сайын өткізетін СЕО Survey сауалнамасының нәтижесі бойынша қатарынан бесінші рет Қазақстандағы ең үздік компания басшысы болып танылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-04-19
Утром5.99 ℃
Днем22.88 ℃
Вечером22.26 ℃
Ночью19.01 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.08 м/с
2025-04-20
Утром14.59 ℃
Днем24.6 ℃
Вечером24.2 ℃
Ночью18.75 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.59 м/с