Оралдан Антальяға 14,5 млн. теңгені алып өту фактісінің жолы кесілді

21.09.2022 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Орал-КРО» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп «Орал-Анталья» халықаралық рейсімен кетіп бара жатқан жолаушыларды бақылауды жүзеге асыру барысында ЕАЭО елдерінің бірінің азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Ұстау кезінде 14,5 млн. теңге сомасында қолма-қол ақша қаражаты анықталды (бұл ҚР Ұлттық Банкінің 21.09.2022 ж. бағамы бойынша 30 318 доллар құрайды). Тәртіп бұзушы осы ақшаны заттарымен бірге полиэтилен пакетке салып жүрген.

Тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалау шаралары қолданылды.

ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларына сәйкес, кедендік декларациялауға — кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларациясын ұсынған күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 10 мың АҚШ долларына балама сомадан асатын қолма қол ақша қаражатын және (немесе) жол чектерін Одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезіндегі қолма қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері жатады.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынды.

Осыған байланысты шетелге шығуды жоспарлаған азаматтардан Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО қолданыстағы кеден заңнамасын сақтауын сұраймыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-16
Утром19.99 ℃
Днем30.06 ℃
Вечером29.33 ℃
Ночью16.76 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.44 м/с
2026-05-17
Утром15.29 ℃
Днем27.75 ℃
Вечером27.32 ℃
Ночью20.87 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.9 м/с