Президент сайлауына 20,5 млрд жұмсалады

ОСК жұмсалатын қаржының неліктен екі еседен астам өскенін түсіндірді.

2022 жылы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге бюджеттен 20,5 миллиард теңге бөлу жоспарлануда. 2019 жылы бұл іске 9 млрд теңге кеткен болатын. Жұмсалатын қаржының артуы елдегі ең төменгі жалақы мөлшерімен байланысты.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мың мүшесіне жалақы төленуі тиіс екенін айтты. Жалақы қоры ең төменгі жалақымен байланысты. Ол 2019 жылы 42 мың 500 теңге деңгейінде болса, биыл 60 мың теңгеге өскен.

— Осы сайлау науқанының бюджетіндегі үлкен секіріс кез келген науқанға арналған бюджеттің 80 пайызын құрайтын жалақы қорына байланысты. Бүгінге дейін біз Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізуге шамамен шығындар сметасын бердік, қазір 20,5 млрд теңгені талқылау үстіндеміз. Біз сондай-ақ сайлау жәшіктерін сатып алу үшін, соның ішінде жаңа аймақтар мен жаңа сайлау учаскелерін құруға байланысты белгілі бір қаражат сұрадық, – деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенттігіне кезектен тыс сайлауда кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда 18:00-де аяқталатынын мәлімдеген болатын.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы кезектен тыс Президент сайлауын 2022 жылғы 20 қарашаға белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-20
Утром-1.77 ℃
Днем-1.71 ℃
Вечером-1.22 ℃
Ночью-2.2 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.13 м/с
2025-01-21
Утром-6.08 ℃
Днем-9.41 ℃
Вечером-11.28 ℃
Ночью-12.31 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.18 м/с